«Жаңа толқын-2014» байқауының ашылу салтанаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014» байқауының ашылу салтанаты басталды

22.07.2014
«Жаңа толқын-2014» байқауының ашылу салтанаты  басталды

Латвияның төріндегі Юрмала қаласында «Жаңа толқын-2014» байқауының ашылу салтанаты басталды.

Алғысөз алған жоба авторы, композитор  Игорь Крутой конкурсты ашық деп жариялады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Латвия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Александр Вишняков Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтау хатын оқып берді.

Халықаралық конкурста Қазақстан, Армения, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Молдова, АҚШ және Украина елдерінің әншілері бақ сынайды.

Айта кету керек, Қазақстан атынан жас әнші Әлішер Кәрімов қатысады.

Хабарламаларға жазылу