«Жаңа толқын-2014» жүлдегері Мұхаммедәли Жүгінісов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014» жүлдегері Мұхаммедәли Жүгінісов елге оралды

21.08.2014
«Жаңа толқын-2014»  жүлдегері Мұхаммедәли Жүгінісов елге оралды

«Жаңа толқын-2014» балалар ән байқауының жүлдегері, жас әнші Мұхаммедәли Жүгінісов елге оралды. Жас жеңімпазды ата-анасы, өнерін құрметтейтін елорда тұрғындары үлкен қошеметпен қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз Қырым төрінде Сейдолла Бәйтерековтің әйгілі «Әлия» әнін орындап, қазылардың жүрегін жаулап алды. Олардың барлығы жас әншіге 11 ұпайдан қойды. Айта кетейік, балалар арасындағы байқауға 11 елден 17 орындаушы қатысқан болатын.

Мұхаммедәли Жүгінісов, «Жаңа толқын-2014» балалар ән байқауының ІІІ  орын иегері:

Бәрі өте жақсы. Жүлдегерлер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын әрине. Ең бастысы  ата мен әжеме рахмет айтамын. Сондай-ақ, ата-анама алғысым шексіз. Қолдау білдірген достарыма да алғыс білдіремін. Мен қуаныштымын.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу