Көрермен көзайымы жүлдесі «Дизантри» залында тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрермен көзайымы жүлдесі «Дизантри» залында тапсырылады

25.07.2014
Көрермен көзайымы жүлдесі «Дизантри» залында тапсырылады

«Жаңа толқын-2014» байқауының көрермен көзайымы жүлдесі үшін дауыс беру жалғасуда.

Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов 54 дауыспен 10-орында тұр. Екінші күннің қорытындысы бойынша алғашқы орында 303 дауыспен ресейлік «O Geнри» тобы келеді.

Көрермендердің ең көп дауысына ие болған үміткер «Twelve Thirteen» зергерлік компаниясының сыйлығына ие болады.

Жеңімпаз 27 шілде күні Латвия уақытымен сағат 12.00-де анықталады. 

Көрермен көзайымы жүлдесі байқаудың жабылу салтанаты барысында «Дизантри» концерттік залының сахнасында табысталмақ.

Хабарламаларға жазылу