«Жаңа толқын-2014» байқауының алғашқы жарыс күні басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014» байқауының алғашқы жарыс күні басталды

23.07.2014
«Жаңа толқын-2014» байқауының алғашқы жарыс күні басталды

Әлемнің  13 елінен келген 16 қатысушы бүгін Юрмала төрінде жұртшылыққа әлемдік хит бағытында таңдап алған әндерін орындайтын болады.  

Жарыстың алғашқы күнгі шымылдығын Қырғыз елінен келген «Style Mix» триосы ашса, байқауды қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов қорытындыламақ.

Сонымен қатар, кеш барысында Ф. Киркоров, Джамал, Т. Родригез, А. Коган, Ани Лорак сынды әншілер мен «Serebro», «A`Studio», «Дискотека Авария» топтары өнер көрсетпек.

Бүгінгі кешке арнайы шақырылған италиялық қонақ – «Il Volo» триосы.

Айта кету керек, Әлішер Кәрімов бүгін  Адриано Челентаноның «Confessa» әнін шырқайтын болады.

Хабарламаларға жазылу