«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауының ашылу салтанаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауының ашылу салтанаты аяқталды

23.07.2014
«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауының ашылу салтанаты аяқталды

«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауының ашылу салтанаты аяқталды. Фестивальдің  ашылу салтанатына арналған кеште Ресейдің танымал әртістері өнер көрсетті.

Олардың қатарында Филипп Киркоров, Лайма Вайкуле, Валерий Меладзе, Валерий Леонтьев, Николай Басков, Леонид Агутин, Александр Буйнов, Жасмин, Денис Клявер бар.

Сондай-ақ, кешке  Дискотека Авария, «Серебро» тобы, «Жаңа толқын» байқауының былтырғы жылғы жеңімпазы Роберто Кель Торрес, Ирина Дубцова, Сергей Лазарев, Потап пен  Настя, Нюша, Доминик Джокер, Ула, EMIN, IOWA, Полина Гагарина, Иван Дорн сынды әншілер де қатысты.

Еске сала кетейік, «Жаңа толқын-2014» байқауының бірінші күнгі сайысын Ұлттық арнадан ертең 23.00-де тікелей эфирден тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу