Әлемдік сауда өсімінің қарқыны биыл күткендегіден 3% дейін қысқаруы мүмкін. Дүниежүзілік сауда ұйымы бұған дейін аталған көрсеткіш 4,7% жететінін болжаған. Сауда мен өндіріс көлемінің қысқаруына азық-түлік пен энергия бағасының өсуі, сонымен бірге Ресей мен Украинадан экспортталатын тауарлардың азаюы әсер етеді.
Бұған дейін Әлемдік банк биыл әскери қақтығыс салдарынан Украина экономикасы 45%, Ресейдің жалпы ішкі өнімі 11,2% қысқаратынын хабарлаған.
Ал «Standard & Poor's» рейтинг агенттігі Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолт жариялағанын мәлімдеді. Мемлекет облигация иелеріне доллардың орнына рубльмен төлеуді ұсынған. Кремль болса, елдің өз қарыздарын өтеуге ресурстары бар, сол себепті дефолтқа объективті себеп жоқ деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы