Талдықорғандағы Достық үйі мекемесінің өкілдері мен Ассамблея мүшелері жарапазан айтып дәстүрді жаңғыртты
Талдықорғандағы Достық үйі қоғамдық келісім мекемесінің өкілдері мен Ассамблея мүшелері қасиетті Рамазан айында жарапазан айтып дәстүрді жаңғыртты.
Өзге ұлт өкілдері дәстүрлі әншілердің әніне қосылып бірқатар басқарма ұжымдарын аралап, мемлекеттік қызметшілердің көңілін бір марқайтты. Ұлттық киім киген өнерпаздардың кеңселерді аралап әндетіп жүргеніне жұртшылық та таңырқап тамсанысын жасырмады. Рамазан кешірім мен қайырымдылық айы. Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді қайта еске салу арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз дейді ұйымдастырушылар.
Рахмет Разбеков, Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
Осындай дәстүр елімізде жалғасын тауып, ерекше сипатта көрсетілу керек деп мен өзім осыған дән ризашылығымды айтқым келеді. Осындай дәстүрлер әр мекемеде жалғасын тауып жатса құба-құп болатын еді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01