Павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері 1,5 жастағы баланы құлатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері 1,5 жастағы баланы құлатып алған

08.04.2022

Павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері 1,5 жастағы баланы құлатып алған. Салдарынан оның қабырғасы сынып, басына зақым келді, деп шағымданды анасы. Бүлдіршін қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Денесі тартылып, жүрек соғысы баяулаған балаға дәрігерлер массаж жасаған. Қабырға содан сынуы ықтимал. Қазір облыстық жедел жәрдем стансасында осы шағымға қатысты арнайы комиссия құрылып, тескеріс басталды

Гүлнар Бұратаева, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Қоңырау түскен сәттен, дәрігерлердің қашан келгені, сол кездегі баланың жағдайы, алғашқы көмек бәрі-бәрі мұқият тексеріліп жатыр. Мамандарға қатысты қызметтік тексеру басталды. Біз бұл мәселеге бей-жай қарай алмаймыз. Себебі,адам өмірі мен денсаулығы бәрінен қымбат.

Сәтсіз операция. Ауруханаға қатысты тергеу басталды

Ал, Алматыда баланың сау көзіне операция жасады деп айыпталған аурханаға қатысты тергеу басталды. Естеріңізге салсақ, кеше 4 жастағы бүлдіршіннің анасы Айдын Тоқсанбаева бейнежазба таратты. Оның сөзінше дәрігер шатасып, операцияны баланың оң көзіне емес сол көзіне жасаған. Ал аурухана өкілдері хирург қателескен жоқ. Тек көз ақауы екінші жанарынан анықталған соң осындай шешім шыққан деп отыр. Енді болған жайттың ақ-қарасын полиция анықтайды. Іс сот-медициналық сараптамаға жіберілді.


Хабарламаларға жазылу