«Саябақ талғамсыз жаңартылған»: Семейдегі орталық саябақ тағы жөнделетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саябақ талғамсыз жаңартылған»: Семейдегі орталық саябақ тағы жөнделетін болды

08.04.2022

Семейде 3 жыл бұрын ғана қомақты қаржы бөлініп, жаңғыртылған орталық саябақ биыл тағы жөнделетін болды. Жергілікті әкімдік осындай шешім қабылдаған. Демалыс орнын жөндеуге 2019 жылы 1 млрд теңге бөлінген болатын. Өткен жылы қайта ашылған саябақтағы атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындар наразылық білдірген. Қалалықтар саябақ еш талғамсыз жаңартылған деп сын айтқан. Ондағы ағаштар оталып, аяқ астына төселген тақта тастар, қалай болса солай салынған болып шықты. Сонымен қатар көптеген жұмыстар аяқсыз шашылып қалған. «Әдемілік үшін деп қойылған түрлі констуркцияда ешқандай үйлесімділік жоқ», – дейді тұрғындар. Ал «жұмысты атқарған мердігер компания құрлысты толыққанды аяқтауға қаржы жетпей қалды» деп ақталған. Өткен жылы мекеме үстінен тексеріс те жүргізілді. Енді қалалық ТҮКШ басшылары жақында саябақ қайта жөнделеді деп отыр. Алайда қомақты қаржы бөлінбейтіндігін мәлімдеді.

Амантай Өтелбаев, қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басшысы:
Жөндеу кезінде саябақ жабылмайды. Әр бөлігін кезек-кезек қалпына келтіреміз. Көгалдандыру жүргізіп, су мен жарық тартамыз. Ал жаяу жүргішілер жүретін жерлерге салынған тақта тастарды, қайтадан тегістеу керек болады. Жұмыс аяқталған соң оның тазалығын қадағалайтын компаниямен де келісім жүргіздік.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу