Алматы облысының тауларында жағдай қалыпты
Алматы облысының тауларында жағдай қалыпты. Төтенше жағдай қызметкерлері Жетісу Алатауындағы Қора, Көксу, Қорғас өзендері бастау алатын мұздықтарды тікұшақпен барлап шықты.
2500 метр биіктіктегі таулардың күнгейінде 30-40 см қар түскен. Ал теріскейінде қар қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді. Аэровизуалды бақылау кезінде таулы аймақта жеті жерден қар көшкіні жүргені тіркелді. Кей жерде өзен арнасын бөгеп қалған. Алайда су қалыпты жағдайда ағып жатыр. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ауа температурасы жылдық нормаға сәйкес. Мореналық көлдерде мұз ерімеген. Дегенмен қар жылдағы мөлшерден аз түскен дейді мамандар.
Айдос Сабырбаев, «Қазселденқорғау» ММ өңірлік филиал басшысының орынбасары:
Алматы облысы бойынша таулы аймақтағы жазықта қар қалыңдығы жоқ. Ал қар еру процесі бізде таулы аймақтарда мамыр айынан қыркүйек айына дейін жалғасады. Таудағы мореналық көлдердегі жағдай бір қалыпты, қысқы режимде. Гидрологиялық жағдай қалыпты.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01