Алматы облысының тауларында 7 жерден қар көшкіні жүрген
Алматы облысының тауларында жағдай қалыпты. Төтенше жағдай қызметкерлері Жетісу Алатауындағы Қора, Көксу, Қорғас өзендері бастау алатын мұздықтарды тікұшақпен барлап шықты.
2 500 метр биіктіктегі таулардың күнгейіне 30-40 сантиметр қар түскен. Ал теріскейінде қар қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді. Аэровизуалды бақылау кезінде таулы аймақта 7 жерден қар көшкіні жүргені тіркелді. Кей жерде өзен арнасын бөгеп қалған. Алайда су қалыпты жағдайда ағып жатыр. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ауа температурасы жылдық нормаға сәйкес. Мореналық көлдерде мұз ерімеген. «Дегенмен қар жылдағы мөлшерден аз түскен», – дейді мамандар.
Айдос Сабырбаев, «Қазселденқорғау» ММ өңірлік филиал басшысының орынбасары:
Алматы облысы бойынша таулы аймақтағы жазықта қар қалыңдығы жоқ. Ал қар еру процесі таулы аймақтарда мамыр айынан қыркүйек айына дейін жалғасады. Таудағы мореналық көлдердегі жағдай бірқалыпты, қысқы режимде. Гидрологиялық жағдай да қалыпты.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26