Ақтөбе облысында тағы бірнеше көпірді су шайып кетті
Ақтөбе облысында тағы бірнеше көпірді су шайып кетті. Қазіргі уақытта өңірдегі 7 елдімекенге жол қатынасы жоқ. Бұл ауылдарда 750 үй, 3 мыңнан астам тұрғын бар.
Ақтөбе қаласында да бірнеше шағын өткел ағын су екпініне шыдамай бұзылды. Байғанин, Ойыл, Қобда, Мұғалжар ауданында жолдарды су шайып, көлік қатынасына кедергі келтірді. Қазірге дейін қала аумағындағы саяжайларда 113 үйді су басты. 259 адам эвакуацияланды, оның 114-і – бала. Олар қала аумағындағы мектептерге орналастырылды. Әкімдіктің айтуынша, су шайып кеткен жолдар күн жылынғаннан кейін жөнделе бастайды. Сондай-ақ баспаналары бүлінген отбасыларға көмек беру жағы да қарастырылады.
Жақсығали Иманқұлов, облыс әкімінің орынбасары:
Жағдай аудан, қала бойынша бақылауда. Біз барынша көмек беріп, тиісті жұмыстарды ұйымдастырамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14