БҚО-дағы су тасқынына облыс резервінен 1,4 млрд теңге қарастырылды
Батыс Қазақстан облысындағы 6 ауданға су тасқыны қаупі төнді. Деркөл мен Шаған өзендерінің деңгейі 2 метрге дейін көтерілген.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Қазір Жәнібек пен Қаратөбе ауданында жағдай бірқалыпты. Алайда үш өзен деңгейінің көтерілуі Тасқала мен Бөрлі аудандарына қауіп төндіріп тұр. Орал қаласының аумағындағы өзендер деңгейі де қатаң бақылауға алынды. Ал 99 үй суға кеткен Жәнібек ауданында су деңгейі түсті. 300-ден астам адам Жақсыбай ауылдық мектеп-балабақшасын паналады. Олардың тең жартысы – балалар. Ауылдан екі жүкті әйел «ҚазАвиаҚұтқару» тікұшағымен қалаға жеткізілді. Ал Қаратөбе ауылында Қалдығайты өзені тасып, тасжолдың үстімен ағып өтті. Тасқынға қарсы шаралар атқарылуда. Абырой болғанда, су ауылды басқан жоқ.
Тасқыннан зардап шеккен елдімекендерге өзге өңірлерден келген құтқарушылар да жұмылдырылды.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Атырау облысынан келген құтқарушылар Жәнібекте, ал Маңғыстау облысынан келген көмек Тасқала ауданында тасқынның алдын алуда. Шыңғырлау, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарында да барлық күш тасқынға қарсы жұмылдырылды. Жалпы су тасқынына облыс резервінен 1,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат зардап шеккен тұрғындарға, сондай-ақ тасқынды жою, алдын алу шараларына жұмсалады. Бұған қоса, өңірде зардап шеккендерге көмек ретінде Ақжайық қоры құрылып, арнайы есепшот ашылып, облыстық еріктілер штабы жасақталды. Аманат партиясының жанынан да есепшот ашылып, жалпы бұқара халық, кәсіпкерлер, депутаттар қаржылай, заттай көмек жіберуде.
Ардақ Мұратқызы, Қайырбек Ерболатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14