Батыс Қазақстан облысында 140 үй мен 2 әлеуметтік нысан суға кетті
Су тасқынына байланысты облыстың 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі мен Жәнібекте барлығы 140 үй мен екі әлеуметтік нысан суға кетті.
Аймақта 750 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 200-ден астамы – бала. Мал шығыны да бар. Ресми мәлімет бойынша, 108 түлік арам өлген. Қазір Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында су деңгейі түсті. Ауылда 282 үй болса, соның 97-сі суға кеткен. Ал Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында көшірілгендер саны 96-ға жетті. 29 үй суға кетті. «Жәнібекке су Ресейден келді, жоғары жақ бөгетті ашып жіберді» деген ақпарат жалған деп мәлімдеді құзырлы орган.
Ернұр Өтегенов, облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы:
Жақсыбай ауылы Ресейге жақын орналасқан. Бұл – сол шекаралардан қардың тез еруінен пайда болған су. Ол ауылдан өтіп, су қоймасына барып құйылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14