Алматыда ерекше балалар «Аутизмді жеңеміз!» атты концерт ұйымдастырды
Шара Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай өтті. Концертті балалардың өзі жүргізіп, өнерін паш етті. Бірі өлең-жыр оқып, ән шырқаса, енді бірі пианинода ойнап, көпшілікті таң қалдырды. Көңілді кеште би билеп, әзіл айтқан балғындар мерекенің шырайын аша түсті. 2000 жылдары елімізде 150 сәбидің бірінен аутизм дерті анықталса, қазір бұл диагноз әрбір 54-ші балаға қойылады.
Аружан Саин, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:Бүгінгі концертіміз аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарына зор сенім сыйлайтын игілікті шара болса деймін. Себебі, жыл сайын мұндай диагноз қойылатын бүлдіршіндер саны артып жатыр. Өкінішке қарай, бұл дерт дәрімен немесе операция жасап емделмейді. Ал біздің мақсатымыз - барынша қолдау көрсету. Алғаш келгенде мүлдем сөйлемейтін балалар бүгін үлкен сахнада өнер көрсетіп, бізді қуантып жатыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09
Қазақстанның IT қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті
22.08.2026, 20:08