Нұр-Сұлтанда еріген қар суы көшелерді басып қалды
Қалада су тасқыны қаупі бар аумақтар біраз азайғанымен, коммуналдық қызмет қар тазалап бітіре алмай жатыр. Әріптесім Ақерке Бектас шаһарда көшесі көлге айналған бірқатар ауданды аралап қайтты.
Ақерке Бектас, тілші:Біз қазір елордадағы Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінің бойында тұрмыз. Қыс бойы жол жиегіне жиналған қар еріп, екі бірдей көп қабатты үйдің айналасын су басқан. Бүгінге дейін қала аумағынан 4,5 млн текше метр қар шығарылған. Алайда қаланың Коммуналдық қызметі тазалап бітпеген қар еріп, біз тұрған Хантау көшесін көлге айналдырған. Көріп тұрғандарыңыздай, тіпті амалы таусылған тұрғындар ауласына су кіріп кетпеу үшін оны құммен қоршап қойған.Ал бұл Лермонтов пен Тараз көшесінің қиылысы. Мұндағы судың тереңдігі тобықтан асады. Жаяу адам тұрмақ көліктің өзі әрең өтіп жатыр. Жағдай тұрғындарды біраз әбігерге түсірген. Үйлердің айналасын түгел су басқан соң, балалардың мектеп пен балабақшаға қатынауы қиындап кеткен. Қаланың орталығы, сол жағалауда да жағдай мәз емес. Қазір Қаратай Тұрысов пен Алпамыс батыр көшесінің қиылысына келдік. Мұнда да шамамен 150-200 метрдей жерді су басып қалған.Біз аралап шыққан көшелер қалада су басқан аумақтардың бір бөлігі ғана. Карантин тәртібі жеңілдеп, індеттің қаупі сейілгенмен, судан қауіп сейілмей тұр. Адамдар әлі де ауласынан шығуға алаңдайды. Үйін су басып қала ма деп қорқады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17