Украинадан оралған жүк көлігінің жүргізушісі Ұлттық арнаға сұхбат берді
Украинадағы қақтығыс аумағында қалып қойған қазақстандық жүк тасымалдаушылар елге оралды. Олардың 7-еуі Теміртау қаласының тұрғындары.
Жүргізушілер Украин жерінде бір айдан астам уақыт қалып қойып, елге қайта алмаған. Тіпті қақтығыс болған өңірлерден де өткен. Көлікте түнеп, далада ас ішкен азаматтар отбасымен кеше ғана қауышыпты. Әдетте Украинадан Ресей арқылы елге қатынайтындар бұл жолы Польша мен Беларусьті айналуға мәжбүр болған. Қазақстан билігінің жүйелі келіссөздерінің арқасында шекаралардан кедергісіз өткен.
Роман Бушуев, жүк көлігінің жүргізушісі:Қорқынышты болды. Үйде қалған отбасымнан маза қашты. Ертең түгілі қазір не болары белгісіз еді. Бір-екі жарылыстың даусын естідім. Бірақ Украин халқы келіп ас-тамақ беріп тұрды. Өзге елдің азаматтары болғандықтан бізге қарсы ештеңе жасаған жоқ. Тек, жанармай тапшы болып, шекарада көп тұрдық.
Нұрлан Есентаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:Халықаралық тасымалдаушыларды біз күнделікті бақылап отырамыз. Облыс бойынша жүк тасымалдайтын 35 компания бар. Оның бәрі өз жұмыстары мен міндеттерін шарттары бойынша атқарып жатыр.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14