«Бомба қойылды» дегендер жеңіл жазамен құтылмайды - Адвокат
«Бомба қойылды» деп қоңырау шалып, елді дүрліктірген адам жеңіл жазамен құтылмайды. 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 15 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Яғни, терроризм актілері туралы көрнеу жалған хабарлама таратқаны үшін осындай қылмыстық жауапкершілік көзделген. Кеше бес бірдей қалада сауда орталықтары мен әуежайларға жарылғыш зат қойылды деген ақпар тарағаны мәлім. Күдікті ұсталды. Ішкі істер органы тергеу жүргізіп жатыр. Мұндай істер бойынша соттың негізгі жазасынан бөлек қаржылай өтемақы қарастырылған,- дейді адвокат. Өйткені төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдемді және құқық қорғау органдарын аяғынан тік тұрғызды. Бірқатар нысанның қызметі тоқтатылды.
Жандос Тұяқов, адвокат:
Бұл тек қана бас бостандығынан айырылуынан шектеле қоймай, сонымен қатар яғни мемлекет тарапынан келтірілген шығындардың бәрін өндіру бойынша жүзеге асырылады. Мұнда бұл қылмыстық істер бойынша материалдық мемлекетке келетін материалдық шығын өте жоғары.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14