Қазақстанның 5 қаласында бір сәтте бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен
«Бомба» қойылды деген хабарламалар бес бірдей өңірде тіркелді. Ондаған ғимараттан адамдар эвакуацияланған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 29 жастағы азамат Қарағандыда құрықталды. Кінәсін толық мойындаған. Жалған ақпараттан Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтары да дүрлігіп жатыр.
Сәбит Әлдебай, тілші:Полиция департаменті әлі де ғимараттарды жіті тексеру үстінде. «Хан Шатыр», «Mega» сынды ірі сауда орталықтарында қауіпті заттар табылмаған. Ал Алматы әуежайы мен оқу орнына бомба қойылды деген ақпарат та расталмады. Қазір халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеуге көшкен. Жолаушыларды әбігерге салған жалған ақпараттың кесірінен 6 рейс кейінге шегерілді. Мұндай жағдай Орал да орын алды. Белгісіз біреу банк бөлімшесіне бомба қойылғаны туралы хабарлама жіберген. Абырой болғанда бұл ақпарат та расталмады. Іздестіру шаралары әлі де жалғасуда. Қарағандыда ұсталған азаматтан айғақ заттар тәркіленіп, тергеу басталған. Жалған ақпарат таратқан азаматтың кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14