200-ге жуық ауыл көктемгі су тасқыны қаупіне дайын болмай шықты
Екі мыңдай елдімекенге мониторинг жүргізген Төтенше жағдайдар қызметі әкімдерге ескерту жасаған. Нәтижесінде 47 ауылда қауіп сейілді. Ескертуді елемей, олқылықтарға жол бергендер жауапкершілікке тартылады. Сала министрінің сөзінше тасқын қаупі бар 340 ауыл алдын алу жұмыстарынан кейін бұл тізімнен алынып тасталған. 385 елдімекенге төніп тұрған қауіп барынша азайтылды. Ал, өзен бойында орналасқан 285 ауылда әлі де қауіп-қатер сейілмей тұр. Қазір ел аумағында өзендердегі мұзды жару мен бөгеттер салу қызу жүріп жатыр.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:9 өңірдегі 49 елдімекеннің көшелері мен аула маңындағы аумақтардан 234 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды. Елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылды. 4 мың шақырым канал мен 7 мың шақырымға жуық арық, 20 мыңнан астам автомобиль және 3 мың темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14