Атырау облысының 4 ауданында белгісіз індеттен жылқы қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының 4 ауданында белгісіз індеттен жылқы қырылып жатыр

31.03.2022

Атырау облысында мал қырылып жатыр. Белгісіз індетке шалдыққан жылқылар артқы аяғын баса алмай бірден құлайтын көрінеді. Кейін ауа жетпей тұншығып өледі екен.

Жағдай әсіресе Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Махамбет, Индер аудандарындағы малшыларды алаңдатып отыр. Шаруалар ауырған төрт- түліктің аузы көбіктеніп, мұрнынан су ағып, жем-шөп жемей жатып қалып жатыр,- дейді. Мал иелері мұның не ауру екенін біле алмай дал. Жергілікті ветеринарлар қолдан келгенше ем-дом жүргізген. Бірақ одан да нәтиже болмапты. Қазір қанша малдың өлгені туралы нақты дерек жоқ. Жауаптылардың сөзінше, өңірге бүгін Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандары арнайы барып, үш күн бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жауапты басқарма алғашқы сынамадан қауіпті ауру анықталмағанын айтады.

Азамат Айтқалиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: 
Осы зерттеу қорытындысымен ол сынамалардан жануарлардан аса қауіпті аурулар анықталған жоқ. Және қосымша паразитарлық ауруларға күдік тууына байланысты осы ауруды анықтау үшін облыстық ветеринарлық зертханаға сынама жолданды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу