Еуропа елдері Ресей газын еуромен немесе доллармен сатып алуды жалғастырады
Мұны Германия канцлері Олаф Шольц Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді. Кремль басшысы әңгіме барысында еуропалық серіктестер үшін ештеңе өзгермейтінін айтқан. Айтуынша, төлем еуромен жасалып, Газпромбанкке түскеннен кейін рубльге конвертацияланады. Дегенмен, Германия бұл процедура барынша түсінікті болу үшін жазбаша түрде ақпарат беруді сұраған. Бұған дейін Путин Еуропа елдерінен сәуірден бастап Ресейдің көгілдір отыны үшін рубльмен төлеуді талап еткен еді. Кейін Кремль бұл ұзаққа созылатын процесс және оған наурыздың 31-нен бастап көшу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04