Алматы облысында 7 жыл тоқтап тұрған комбинат ашылды
Алматы облысында 7 жыл тоқтап тұрған металлургиялық комбинат қайта ашылды.
Кремний өндіретін жалғыз кәсіпорын 200-ден астам адамды жұмыспен қамтиды. Жаңғырған өндіріс орны жаңадан құрылатын Жетісу облысының өнеркәсібін өркендетуге септігін тигізбек. Кәсіпорын 2015 жылы жабылып қалған. Сол кезде жан бағу үшін жан-жаққа тарап кеткен жұмысшылардың дені зауытқа қайта оралды.
Данияр Нұрақынов сұрыптау учаскесінің басшысы:
Орныңызға қайта келесіз бе дегеннен кейін қуана-қуана келісім беріп, мінеки келіп, бүгінгі таңда осында жұмыс істеп жатырмын.
Зауыт жылына 6 мың тонна жоғары сапалы кремний өндіреді. Шикізат ретінде қолданылатын кварц жақын маңдағы Сарыкөл кен орнынан тасымалданады. Келер жылы тағы бір пешті іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашып, өндіріс көлемін екі еселеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14