Ақтөбе облысында дауыл салдарынан 82 адам құтқарылды
Павлодар облысында да 50-ге жуық елдімекен электр энергиясынан ажырады. Дүлей жел 20 шақты ғимаратты қиратып кетті.
Облыс орталығында ондаған ағаш құлап, сауда павильондарын ұшырып әкеткен. Өңірде 20 бағыт бойынша, оның 8-і республикалық маңыздағы жол жабық. Қар құрсауында қалған 40-тан астам адам құтқарылды. Дәл қазір Шідерті кентінде елордаға бет алған 140 көлік жолға шыға алмай, қаңтарулы тұр.
Асқарбек Омаров, ТЖД басқарма бастығы:
20 ғимараттың шатыры жұлынған болатын. 14 ғимарат мектептер мен балабақшалар. 5-еуі жергілікті органдар ғимараттары. 47 ауылда авариялық жағдай бойынша жарық беру тоқтаған болатын.
Ақтөбе облысында желдің екпіні әлі де қайтпады. Кеше кешкілік дауылдың салдарынан екі медицина нысаны мен бір көп қабатты үйдің төбесі ұшып кетті. Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк және Дон-Бадамша-Ақтөбе-Ор бағытындағы жолдар әлі де жабық. Үш ауданда жолда қалған 82 адам құтқарылды. Оның 12-сі бала.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14