Талдықорғанда қатты желден электр сымдары үзіліп, 2 шағын аудан мен көшелер жарықсыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қатты желден электр сымдары үзіліп, 2 шағын аудан мен көшелер жарықсыз қалған

30.03.2022

Кешегі өткен дүлей дауыл талдықорғандықтарды да біраз әбіргерге салды.

Қатты жел қаладағы алты көпқабатты тұрғын үйдің, үш мектеп пен екі сауда үйінің шатырын жұлып әкетті. Метал жабындылар құлап, бірнеше көлікке зақым келді. Сондай-ақ бір әскери казарма мен құтқару қызметінің ғимараттары бүлінді. 11 жерде электр сымдары үзіліп, екі шағын аудан жарықсыз қалды. Мұнан бөлек көшедегі бағаналар мен бағдаршамдар да құлаған. Қала басшылығы мен төтенше жағдай қызметі шұғыл штаб құрып, апат салдары мен шығын мөлшерін анықтауға кірісті. Мамандар шатырларды бір аптаның ішінде қайта қалпына келтірмек. Электр желілері да жалғанып, жарық берілді.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу