Қатты дауыл салдарынан Тараз қаласы жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатты дауыл салдарынан Тараз қаласы жарықсыз қалды

29.07.2014
Қатты дауыл салдарынан Тараз қаласы жарықсыз қалды

Қатты дауыл салдарынан Тараз қаласы жарықсыз қалды. Тараз қалалық электр желілері әкімшілігінен хабарлағандай, облыс орталығында электр желілері үзіліп, жөндеу бригадалары апат орындарына жетіп үлгермей жатыр.

Жекеменшік тұрғын үйлерге әлі жарық қосылған жоқ. «Үзілген желілерді түгендеп шығып, қалған абоненттерге жарық қосып беруіміз керек. Электр желілерін  ағаштардың бұтақтарының басып қалуы да қиындықтар тудыруда», - деп түсіндірді жағдайды электр желілері дирекциясының қызметкерлері.

Сондай-ақ, «Әулие Ата» әуежайының анықтама бөлімінен хабарлағандай, дүйсенбідегі күшті дауыл салдарынан «SCAT» әуе компаниясының «Тараз-Астана» бағытындағы рейсі бірнеше сағатқа кешіккен.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қалада қатты желден екі ағаш құлаған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Хабарламаларға жазылу