Колумбия астанасында бұршақ жауып, жел тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбия астанасында бұршақ жауып, жел тұрды

03.11.2017

Колумбия астанасы Боготада бұршақ молынан жауып, көшені басып тастады. Бұршақ түні бойы тоқтамай жауып, сонымен бірге қатты жел тұрған. Осының салдарынан қала көшелерін қар басып, көлік қатынасы нашарлап кетті. Күшті желден электр желілері үзіліп тұрғындар жарықсыз қалған. Ағаштар да түп-тамырымен жұлынды. Ел астанасын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу