Солтүстік Қазақстанда 35 ауыл жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 35 ауыл жарықсыз отыр

22.11.2023

Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданындағы 35 елдімекен әлі жарықсыз отыр.

Эльмира Кәленова, тілші:

Жөндеу жұмыстарының жалғасып жатқанына бес тәулікке жуықтады. Мамандар ақауды толық жоя алмай жатыр. Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде боран болып, қатты желден сымдар үзіліп, электр бағандар құлаған болатын. Салдарынан 183 ауыл жарықсыз қалған еді. Желілер біртіндеп іске қосылып жатыр. Қазір 2400-ден астам отбасы жарықсыз отыр. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған. Сондықтан мәселе қайталануы да мүмкін. Ал облыстық әкімдік өкілдері бүгін сағат 3-ке дейін тұрғындардың барлығы электр қуатымен қамтамасыз етілетінін айтты.

Эльмира Кәленова

солтүстікқазақстан

Хабарламаларға жазылу