Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді
Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді. Қазір қала аумағында арнайы топ құрылып, мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Толығырақ ахуалды сол өңірдегі меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тікелей байланыста баяндайды.
Жандос Темірғали, тілші:Бізде кешеден бастап ауа райы тосын мінезін көрсетіп тұр. Бастапқыда шаңды дауыл соқты. Кейін соңы қатты желге ұласты. Екпіні секундына 29 метрге дейін жетті. Салдарынан көптеген әлеуметтік нысандарға зақым келді. Қолда бар ресми ақпаратқа сай, ондаған тұрғын үйдің шатыры ұшқан. Қатты жел кейбір көпқабатты үйдің қасбетін сыпырып әкетті.Сонымен қатар 3 балабақша мен облыстық кардиологиялық орталықтың шатырына зиян келді. Теміржолға жақын орналасқан нысанның төбе жабындысы ұшып, пойыз жолын басып қалған. Қатты желден 3 адам зардап шекті. Біреуінің қолы сынып ауруханаға түсті.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14