Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспары қабылданды
Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарлар жобасын бекітті. Бүгін отырыста оның тетіктері жарияланды. Жалпы Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін жалпыұлттық жоспар дайын.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Үкімет 10 негізгі бағыттан тұратын Жалпыұлттық жоспарды таныстырды. Сол арқылы алдағы уақытта шаралар қабылданып, жүзеге асады. Айталық, үш облыстың жаңадан құрылуына байланысты елдің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгереді. Бұл тұрғыда халықтың талабы ескеріледі. Аса маңызды саяси реформалар іске асады. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заң қайта қаралады. Ұлттық құрылтай институты құрылады. Өлім жазасы Конституциядан алынып тасталады. Бұл іс-шараларды сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Ал жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 1 айдың ішінде іске аса бастайды. Биыл бұл мақсатқа 100 млрд теңге бөлінеді. Қазақстандық көліктердің бағасын көтеру жоспарда жоқ. Дегенмен, нарықтағы баға күн сайын өсіп жатыр. Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қымбаттайтынын да жоққа шығармады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04