Каспий құбыр консорциумы: Жөндеу жұмыстарына бір ай уақыт қажет
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы жөндеу жұмыстарына бір ай уақыт қажет. Қазір теңіз терминалының акваториясындағы метеожағдай тұрақталып, Бірінші жабдықтар кешені толық тексерілген. Инспекция айлақтық құрылғы жарамды және мұнай тиеуге болады деген қорытынды шығарған.
Бүгінде бірінші кешеннен тиеу штаттық режимде жүріп жатыр. Ал екінші және үшінші кешен қолданыстан шыққан күйі тұр. Қазір қажетті қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізу мәселесі шешілуде.
Айта кетейік, 22 наурызда Қара теңіз акваториясына мұнайдың төгілу қаупін болдырмас үшін мұнай тиейтін барлық үш айлақтық құрылғылар жұмысын тоқтатты. Мұндай шешім дауыл салдарынан жабдықтарының зақымдануы анықталғаннан кейін қабылданған.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14