Сұйытылған газдың алты жеткізушісіне қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұйытылған газдың алты жеткізушісіне қатысты тергеу аяқталды

29.03.2022

Елімізде сұйытылған газ сатушылардың заңсыз әрекеттері анықталып жатыр. Қазір осы іске қатысты алты компанияға қатысты тексеру аяқталды. Олар газ бағасын негізссіз қымбаттатқан. Сондықтан «Қазақойл Ақтөбе» серіктестігіне әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шықты.

Ал, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» және «СП Қазгермұнай» кәсіпорнына қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Сонымен бірге «Петросин» мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» серіктестіктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалса, «ҚазМұнайГаз»-ға қатысты деректер Қаржылық мониторинг агенттігіне берілген.

Тергеу кезінде «Қазақ газ өңдеу зауыты» серіктестігі сұйытылған газ сату кезінде негізсіз қысқартуға жол берген. Қазір бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газды бөлшек саудада өткізетін осындай 193 субъектісін тексеріп жатыр. 65 кәсіпкердің арасында өзара келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды. Оларға жалпы сомасы 92 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу