Ақтөбе әуежайы мерзімінде іске қосылмады
Жөндеу жұмыстарынан кейін 1-2 күнде ашылады деген Ақтөбе әуежайы әлі іске қосылмады. Салдарынан жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай жатыр. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланысқа шығуға дайын.
Жақсыбек Кемал, тілші:Қазір біз әуежай алдында тұрмыз. Бұл жерде адам жоқтың қасы. Бірер сағат бұрын ғана Қазан қаласына бағыт алуы тиіс рейстің ұшпайтыны белгілі болды. Жолаушылар ұшақтың болмайтыны туралы хабарлама алмағандарын айтты. Енді жолаушыларға билетті қайта өткізу де оңай болмай тұр. Әуежай әуелі бір аптаға, кейін бір айға жабылатыны туралы хабарлаған болатын.
Айдарбек Айтазин, қала тұрғыны:Билетті ауыстыруға келдік. 17-інші сәуірге дейін жұмыс істемейді деп хабарландыру келген. Енді соған байланысты ауыстыруға келсек, есік жабық тұр. Авиакомпания жұмыс істемей тұр. Онлайн ауыстырайық десек, онлайн да ауыстыра алмай тұрмыз.
Жақсыбек Кемал, тілші:Айдың басында әуежайдың 17-інші наурызға дейін жабылатыны хабарланған еді. Ол кезде ұшу-қону жолағындағы 60 плита алмастырылған. Алайда, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тағы 218 жабындыны ауыстыру керек деген нұсқама берген. Қазір нысанды арнайы комиссия тексеріп жатыр. Нысанның енді қашан ашылатыны белгісіз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14