ІІМ сервистік моделі жаңарып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ сервистік моделі жаңарып жатыр

25.03.2022

Қазақстанда бес жылдың ішінде 400-ге жуық учаскелік полиция пункті ашылмақ. Сондай-ақ, полицияның сервистік моделін арттыру бойынша да бірқатар жұмыстар жалғасып жатыр.

 Саламат Омаш, тілші:

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полицияның сервистік моделі қаңтар оқиғасынан кейін уақытша тоқтап қалған болатын. Қазір жұмысын қайта жалғастырып жатыр. Көрерменге түсінікті болу үшін айта кетейін, дәстүрі полиция, жасалып қойған қылмыспен күресетін болса, сервистік модель дегеніміз қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатады. Былайша айтқанда қылмыстың алдын алады. Бұл ретте ішкі істер министрлігі қызметкерлері халықаралық тәжірибеге сүйенбек. Яғни жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, тұрғындар арасында өзін таныту керек, әділдік пен ашықтық болуы шарт. Аталған модель пилоттық жоба ретінде 2019 жылы Қарағанды облысында және Ақтөбеде ашылған. Олар әкімдікпен, денсаулық, білім саласының мамандарымен тығыз жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, қазір полиция қызметі цифрландырылып жатыр. Қызметкерлерге планшеттер берілген, сот процестері де онлайн форматта өтеді. Халықтың өтініштерін телеграм арқылы қабылдау да уақытты үнемдеуге септігін тигізген. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен бес жылдың ішінде елде 390 учаскелік полиция пунктін ашу жоспарда бар. Мысалы қазір Елордадағы бір ғана Есіл ауданында 4 учаскелік пунк болса, енді оның саны 11-ге көбеймек.


Хабарламаларға жазылу