Нұр-Сұлтанда «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Әйелдерге жан-жақты қолдау көрсетуге арналған алаңды премьер-министрдің орынбасары ашып берді.
Орталық Ералы Тоғжановтың кураторлығымен ашылып отыр. Мақсаты - көп балалы аналарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға, жұмыссыз және жалғызбасты әйелдерге жан жақты қолдау көрсету. Мұнда шапан, кесте тігу, алаша тоқу, құрақ құрау, балаларға арналған ойыншық тігіп үйрену мен клининг, массаж бойынша тегін дәріс сабақтары өтеді. Кейін аналар өз кәсібін бастап немесе жасаған дүниелерін орталықтағы көрме арқылы сата алады. Сондай-ақ мұнда психологиялық, медициналық және заңгерлік көмек көрсететін мамандардың да ақысыз қызметі қарастырылған.
Ырза Тұрсынзадақызы, «Baqytty otbasy» орталығының басшысы:
Қазір бұл жобаны республикалық деңгейде ғылыми методикалық орталық ретінде, Ералы Лұқпанұлы мемлекеттік жоспарға кіргізді. Мұндай орталықтар бүкіл Қазақстанда кішкентай ауылдарға дейін болады. Жаңа көрдіңіз елордаға сонау алыстан келгендер сондай ниетін айтып жатыр.