Ақмола облысында 25 елдімекенді су басуы ықтимал
Ақмола облысында 25 елді мекенді су басуы мүмкін. Аршалы мен Атбасар аудандарында жағдай қиын. Атбасар ауданында 502 үй қауіпті аймақта тұр. Оның 260-ы қаланың өзінде. Бұл жақта қар қалың түскен. Ал Аршалы ауданының Жібек жолы кентіне Астана су қоймасы жақын болғандықтан қауіп күшті болып тұр. Сондықтан мамандар осы бастан ағын судың алдын алуда. Қоймалардан су жіберу кестелері жасалып, елдімекендерден қар үздіксіз шығарылып жатыр. Сондай-ақ, облыстағы өзендерде мұз жару жұмыстары да басталды. Болжам бойынша наурыз айында әлі де жауын-шашын болады.
Нұрлан Атығаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Егер Астана су қоймасынан көп көлемде су жіберілсе, Аршалы ауданы Жібек жолы кентінің 4, 8-шағын аудандарын су басып қалуы мүмкін. Қаупі жоғары. Сондықтан аудандық әкімдіктен 15 миллион теңге бөлініп дамба қатайтылды. Биіктігі де жоғарылады. Жағдай күнделікті бақылауда болады.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08