184 млн гектар жайылымнан шаруаларға тек 21 млн гектары тиіп отыр. Халықтың 40 пайызы ауылда тұрады. 6 жарым млн-дай түлігі бар. Бірақ, өрісі 60%-ға дейін тозған. Алқаптардың жартысына жуығы суландырылмай құр жатыр. Кері кеткен сандарды оң көрсеткішке жеткізу үшін депутаттардың бастамасымен заң жобасы әзірленді. Бүгін таныстырылымы өтті. Құжатта әр бас малға бұрынғыдай 5 емес 2 гектардан бөлу көзделген. Артығы басқаның пайдасына жарайды.
Сондай-ақ орман шаруашылығындағы жайылымға жарар жер түгел шаруаларға үлестірілмек. Бастысы, төрт түліктің саны кооперативтерге кірумен көбейеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мал басын өсіріп, жердің құнарын арттыру үшін тұрғындар арасында жайылым комитеті құрылуы керек. Әйтпесе, алқаптарды шамадан тыс пайдалану экологиялық тепе-теңдікті бұзып отыр. Бұл жемшөп көлемінің төмендеуіне ғана емес, жердің тозуына, эрозияның артуына соқтырды.
Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бір жерде ғана баға береді. Ауылдың жанында баға береді. Алысқа бара алмайды. Ол жерде су, жолдары жоқ. Бір жылдық жоспар, бес жылдық жоспар деп қарастырып отырмыз.
Нысаналы Ығыл