Сайлаушылардың белсендігін арттыру қажет - Нұрлан Әбдіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаушылардың белсендігін арттыру қажет - Нұрлан Әбдіров

11.03.2022

Сайлауда заңдылық пен жариялық қатаң сақталуы тиіс. Ол үшін жергілікті аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын жетілдіру маңызды. Ақмола облысына барған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қоғамдық ұйым өкілдерімен, саяси партия мүшелерімен кездесіп сайлау процесін жетілдру жолдарын талқылады. Сайлаушылардың белсенділігін арттыру, жастардың саяси науқандарға қатысу мәдениетін қалыптастыру қажеттігі айтылды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлауды ашықтан-ашық, жаңағы президентіміз тапсырғандай, заңға сүйене отыра ұйымдастыруға бар күшімізді салуымыз керек. Ал ол сайлауларға жастар міндетті түрде қатысу керек. Жастар бір жақсы тәжірибе алу керек. Жастардың бағыты дұрыс болу керек. Олай болатын болса, біз жаңа Қазақстанға шынымен бір жақсы беттеме аламыз.

Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Былтыр сайланған әкімнің жұмысымен танысты. Жалпы Ақмола облысында өткен жылы 105 әкім сайланған. Биыл тағы 22 ауылдық округтің тұрғындары өз таңдауларын жасайды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу