Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап қайтты

06.03.2022

Желіні суалған қос сиыр мен он тауық, түбін құрт жеген жемісі жоқ алма-өрік ағашы, аңқасы кепкен аңызақ жер, көңілі қаяу Ана мен сексен мың теңге үшін таңнан кешке дейін тепеңдеп жүрген Әкенің бетіне қарап отырған он баланың әлеуметтік қажеттілігін өтеп беріп жатқан жоқ. Шындық осы... Бұл Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның әлеуметтік желідегі жазбасынан үзінді.

Әрі қарай тағы бір цитата: Жақында өңірлерде ел-халықпен кездесуде «құйылып» жатқан «көлденең табыстың»кесірінен атаулы әлеуметтік көмектен қағылып жүрген көп балалы аналардың мәселесі тағы да арқамызды аяздай қарыды…

Мұндай мысалдар өңірлерде мыңдап саналатынын айтады. 

Өңірлерді аралап келген депутаттардың көңіл-күйлері жақсы сияқты. Ал, аймақтарды қандай мәселелер толғантады?

Жанарбек Әшімжан Алматы облысының 5 ауданында болған. Ол жақта ауыз су, жайылым, жол, аралас мектеп мәселесі бұрыннан бар. Ал, депутатты бұл жолы басқа түйткіл ойға батырған.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
ҰҚК шекара қызметінің жағдайы өте мүшкіл. Баяғы 90-шы жылы салынған моншада, балабақшада шекарашыларымыз сондай күн кешіп жатыр. Шекара күзететін мынау Қытай Жаркент, Шонжы өңірі, Кеген ауданындағы Саты, Көлбастау шекара заставаларын түгел көрдім. Біз енді шекарамызды шегендеуді бірінші кезекте қолға алдық дейміз. Оалрдың материлдық жағдайын, андай болса оларға қандай талап қоя аламыз.

 Яғни шекара шегенделді деп жүргеніміз шекара сызығының сызылғаны ғана болып шығады. Жалпы, қазір шекарадағы заставалар ғана емес, ауылдардың өзі әрең тұр.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Шығыс Қазақстанда болып, шекарадағы 20 ауылды мекенге бардық.Шекаралық ауылдардан адам көп көшіп жатыр. Мысалы үшін 90-жылдары Қатонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай аудандары жабылғаннан кейін ол жақтан халықтың 50 пайыздан астамы көшіп кеткен. Ал, енді шекараның ар жағына қарайтын болсақ ол жақта үлкен зәулім қалалар салынып жатыр.

Интернет тартылған деп сипатталған ауылдарда интернет болмай шыққан. Интернет болмағасын, ел ақпаратты телеарнадан күтеді. Бірақ оның да техникалық мүмкіндігі оңалмай тұр,-дейді депутат.

Қытаймен арадағы ақпараттық қауіпсіздіктен бөлек, сауда-саттықта да мәселе бар.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Сыртқы экономикалық қарым-қатынас жөніндегі брокерлермен кездестік. Олардың да талаптары бар. Мысалы үшін кейбір министрліктердің қаржы министрлігінің бұйрықтары бір-біріне қайшы-келетін тұстары бар екен. Мысалы үшін өздеріңіз жақсы білесіздер осы кезге дейін Харгос деген мәселе болатын. Оның өзіндегі жаңағы жеке-дара өздерінің монополиялық мүмкіндіктер алып алған компаниялар осы саланың қызығын көрді ия. Соның кесірінен бюджетке қанша қаражат түспеді деген ақпарат бар. Соны барып, қарап көрдік 27 компания осы монополиялық мүмкіндіктен айырылған екен, оған қатысты зерттеу жүріп жатыр. Есесіне, 1 айда бюджеттік түсімдер 20 пайызға артқан екен.

Айдос Сарым Алматыдағы «Алтын орда» базарына да арнайы соққан. Мынадай бір детальды байқапты.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Бір ғана мысал айтайын, біз Казгудың студент қалашығын аралап қарадық. Мысалы үшін бір Казгуде 1000 видеокамера орнатылған екен. Бүкіл Алтын Орда базарында 60-ақ камера. Екеуінің аумағы бірдей, ішінде жүрген адам саны бірдейі. Осыдан-ақ көп нәрсе көрінеді. Сосын ішіндегі көптеген қарапайым қатардағы контейнерде отырған адамның кассалық апараты жоқ, бұл салық мәселесі.

Еліміздің ең үлкен қаласында мәселе де көп. Солардың негізгілерінің бірі мынау.

 Яғни, «қайда барсаң да...» дегендей. Батыс өңірге барып келген Еділ Жаңбыршин былай дейді.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Қабылданған соңғы кездегі ережелер осы балықшылардың тиімді жұмыс жасауына кедергі болып тұр. Мысалы конкурсқа қатысу үшін балықшыларда өңдеу цехтары болу керек екен. Енді оның бәріне бізде мүмкіндік жоқ дейді. Одан басқа олар айтып отыр, қалың моно жіп балық аулауға қиын, 0,3 ммге дейін қалыңдығы сондай моножіпке рұқсат берсе деп отыр.

Балықшыларды заңдағы осындай олқылықтар бір қинаса, жұмысты тексерушілер де тыныштық бермейді екен.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Шекарашылар біздің балықшыларды негізсіз кейдек ұстап жатады. Шет елден өтіп кеткен броконьерлерді ұстамай, біздің нәпақасын тауып жүрген азаматтарға күн бермейтін көрінеді. Мына құтым деген балық бар. Сол ауға көп түседі екен. Өзі қызыл кітапқа енген. Ол балық Каспий жағасындағы басқа мемлекеттерде қызыл кітаптан алынып тасталған. Бізде проблема бар екен.
Аманкелді Сейтхан, тілші: 
Біз сұхбат алған депутаттар бұл мәселелерді әзірге Мәжілісте көтермеді. «Неге?» деп едік, алдағы аптаға дайындап жатырмыз,-деді. Күтеміз. Тек депутаттық сауалды ғана емес, осы түйткілдердің тезірек шешілгенін...


Хабарламаларға жазылу