Зейнетақы жинағын ипотеканың мерзімін қысқарту үшін пайдалануға болады
Зейнетақы жинағын ипотека мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бірақ бұрынғыдай қарыздың пайызын жаба алмаймыз. Тек негізгі қарызды төлейсіз. Осылайша, ай сайынғы төлем мен несие мерзімі азаяды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын ашық талқылауға салды. Құжат Ашық НҚА порталында 21 қарашаға дейін қаралады.
Даубек Керімбаев, ҚР өнәркәсіп және құрылыс министрлігінің тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы:
Біздің нақты өзгертіп жатқанымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану барысында бүгінгі күнгі қағидаға сәйкес оның бір бөлігі екінші деңгейлі банктердің өзіндік бір пайыздық мөлшерлемесіне, бір бөлігі негізгі борыш жабылса, біз қазір сол біржолғы зейнетақы төлемдерін толық негізгі борышқа бағыттап отырмыз. Мысалға, сізде 1 млн артық ақшаңыз болса, 5 млн-дық ипотекаңыздың 1 миллионы жабылады. 4 млн болған соң ол сіздің ай сайын төлейтін төлеміңіз қысқаруы мүмкін немесе ипотекалық несиенің мерзімі қысқарады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16