Ақтауда қатты желден бірнеше нысанға зақым келді
Маңғыстау облысында қатты желдің салдарынан бірнеше тұрғын үй мен көлікке зақым келді. Кешеден бері соққан дүлей дауыл Жетібай және Қызылтөбе ауылдарында 2 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Ақтауда жарнамаға арналған LED экран жерге құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Тіпті кірпіштен қаланған қоршау желге шыдас бермей, көлікті басып қалды. Сондай-ақ, электр желісінің 2 бағаны бүлінді. Бірақ, облыс бойынша тіршілікті қамтамасыз ететін негізгі нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Синоптиктер желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жететінін ескертті.
Данияр Елшібаев, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы:
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша күндіз 15-20 метр секунд жел соғып тұр. Сонымен қатар, кешкі мерзімде одан да жоғары болу күтілуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз, мезгілсіз уақытта далаға шықпауларыңызды сұраймыз. Және көліктеріңізді құрылыстардың немесе ағаштардың маңына қоймауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда лимон өсірушілер қатары көбейген
27.12.2025, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40