Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр

03.07.2014
Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр

Алматы қаласындағы Президент мұрағатында «Астана күні» қарсаңында «Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр» атты тарихи-мұрағаттық, музыкалық кеш өтті.

Жиын барысында Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астананың көшірілу тарихымен байланысты сол хронологиялық контексті қайта көрсететін  деректі көрме ұсынылды.

Сонымен қатар, астаналардың қалай салынғаны және ел тарихында қандай рөл атқарғаны туралы деректі фильм көрсетілді.

Фильм кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған бейне материалдардың негізінде дайындалған. Кеш соңында Орынбор мен Қызылорда қалаларынан келген өнерпаздар күй тартып, ән шырқады.

Борис Жапаров, ҚР Президенті мұрағатының директоры:

Бұл өткізіп жатқан шара арқылы біз Қазақстан мұрағатшылары, орталық мұрағаттың ұжымдары өзіміздің жаңа астанаға, Елбасыға деген құрметімізді, осылай білдіргіміз келіп отыр. Келе  жатқан Астана күні құтты болсын. Жаңа қала - Астана   Қазақстанның жүрегінде орналасқан. Бар болғаны 16 жылдың ішінде өсіп, көркейіп, қазір бүкіл дүниежүзіне аты белгілі қалаға айналып отыр.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу