Алматыда халық ұзын-сонар кезекке шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халық ұзын-сонар кезекке шағымданды

25.02.2022

«Таңғы төрттен бастап кезекке тұрасың». Алматылықтар Жетісу ауданындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезекке шағымданды. Жиналғандардың барлығы жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға келгендер. Бірақ, олар өз кезегін сағаттап күтуге мәжбүр. «Өйткені шаһардағы екі орталықтың қазір біреуі ғана жұмыс істеп тұр», - дейді тұрғындар. Видео авторының сөзінше, мұнда күнделікті 200-ден астам адам жиналады.

Ал, мекеменің күніне 60 адам ғана қабылдауға мүмкіндігі бар. Сонда қалғандары қайда барады? Халыққа қызмет көрсету мекемесі мегаполисте жүргізуші куәлігін ауыстыруға және қайта тіркеуге болатын 5 осындай орталық жұмыс ітсеп тұрғанын айтады. Кемел және Саялы ықшам аудандарында емтихан тапсыруға мүмкіндік бар. Дегенмен Саялыдағы емтихан тапсыру алаңында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада қолданысқа берілмек.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу