Атырау қаласындағы саяжайларға жұрт елдімекен мәртебесін беруді сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласындағы саяжайларға жұрт елдімекен мәртебесін беруді сұрайды

22.02.2022

Атырау қаласындағы саяжайларға жұрт елдімекен мәртебесін беруді сұрайды. Қала сыртында тұрып жатқан жұрт саяжай аумақтарына коммуникацияны өз қаржысына қостырып алған. Мәселен, «Химик» бау -бақша қауымдастығында 630 учаске бар. Бірақ, диқаншылықпен айналысатындары некен-саяқ. Тұрғындар мұнда баспана салып, тұрақты қоныстанып алған. Өздері ақша жинап, 12 шақырым су құбырын жүргізген. Тіпті, трансформаторлар сатып алып, электр желілерін де жаңартқан. Сондықтан, бұл аумақтарға елдімекен мәртебесін беруді сұраған тұрғындар ұсыныстарын депутаттарға жеткізді. Қала маңында 45 бау-бақша қауымдастығы бар.

Қанағат Сансызбайқызы,  қала тұрғыны:
Светтің ақшасы өте көп, жолымыз жаман. Барлық жағдайды істеп берсеңіздер, жалғыз ғана осы тұрған ауыл тұрғындарының бір ғана міндеті бізді қалаға өткізіп беріңдер. Қалғандары бәрі жайлап жайлап реттеледі. 
Сәлімжан Нақпаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Алдымен «саяжай» статусын өзгертуіміз керек. Сонда жолға да, электр энергиясын тартуға да заңды бюджет қаражатын бөлуге болады. Өйткені оған құжаттар бар көптеген. Біз осы мәселені естігеннен кейін осыған араласамыз, жұмыстанамыз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу