Қостанайда қант сауда сөрелерінен жоғалған
Қостанайда арзан қант азайып, өткен аптада мүлде сауда сөрелерінен жоғалған. Бұған тұрақтандыру қорындағы тауардың осы түрінің азаюы себеп. Құмшекер қаңтар айындағы шекті баға белгіленген 19 әлеуметтік азық түрінің қатарына кіреді. Жергілікті әкімдік қосымша сұраныс берген соң, 30 тонна арзан қант ірі сауда орындарына жеткізілді. Қазір күніне оның жарты тоннаға жуығы сатылып жатыр. Осы аптада өңірге тағы екі вагон қант жеткізілуі тиіс. Қазірдің өзінде тасымалдаушылар шекердің сатып алу құны көтерілгенін айтып жатыр. Нарықтағы келісі 316 теңге. Тауардың бұл түрінің бағасын шектеу туралы қаулы күшін жойған соң, оның бөлшек саудада құны қанша болары әзір белгісіз.
Самат Жанділдин, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
Тұрақтандыру қорынан жіберілген тауар бағасы – бұл жерде құмшекер туралы айтып отырмыз, 289 теңгеден аспауы керек. Ол 28 ақпанға дейін күшінде болады. Әрі қарай нарық заңдылығы бойынша. Дәл қазір мен ештеңе айта алмаймын.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 17:22
Ел жаңалықтрына шолу
24.07.2026, 17:19
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 17:18
Шымкентте таудан аққан сел бірнеше көшені шайып кетті
24.07.2026, 17:15
Испанияда төтенше жағдай жарияланды
24.07.2026, 17:13
Орман өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
24.07.2026, 17:12
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа вакцина шығарылды
24.07.2026, 17:10
Халық денсаулығын қорғауға бағытталған кешенді шаралар қаралды
24.07.2026, 17:08