Шеруге шыққандардың бәрі лаңкес пе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шеруге шыққандардың бәрі лаңкес пе?

17.02.2022

Бұл сұраққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді.

«Бастапқыда әрине бейбіт шерулер болды. Мұны бәріміз көрдік. Еліміздің әр аймағында азаматтар алаңға жиналып, өз талаптарын айтты, наразылығын білдірді. Шынын айтсақ, ешқандай қирату, қылмыстық әрекет болған жоқ. Бірақ кейін жағдай мүлдем басқа арнаға бұрылып кетті. Арандатушылар мен қарақшылар пайда болды. Олардың мақсаты бейбіт митингіге қатысу болған жоқ. Олардың шынайы мақсаты – билікке шабуыл жасау болды», - деп атап өтті Президент.

Хабарламаларға жазылу