Елде саяси реформа қабылданады - Қасым-Жомарт Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде саяси реформа қабылданады - Қасым-Жомарт Тоқаев

10.01.2022

Дәл қазір Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына көрсеткен қолдау үшін алғыс білдіріп, бұл жағдайды Қазақстан тарихындағы «ең үлкен дағдарыс» деп атады. Мемлекет басшысы елдегі жағдайдың қалай басталғанын баяндады. «Елде бейбіт басталған митинг бүлікке ұласты. Арандатушылар тыңғылықты дайындалғаны белгілі болды. Ұйымдастырушылар ұзақ дайындалған, бұл тергеу барысында анықталады. Елде жаппай тәртіпсіздік толқыны болды. Қазір Үкімет таратылды. Елде саяси реформа қабылданады. Шеруге шыққандардың талаптары тыңдалды, арнайы іс-шара қабылданды», - деді Президент. «Елімізде болған жаппай ереуілдер бір орталықтан басқарылған. Олар ұйымдасқан түрде құқық қорғау органдарына шабуыл жасады. Мұндай жаппай құқық бұзушылық 11 қалада болды. Ең көп зардап шеккен қала – Алматы», - деді Мемлекет басшысы.  

Хабарламаларға жазылу