Президент Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

03.01.2022
Президент Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

Жаңаөзен қаласының тұрғындары газ бағасының көтерілуіне орай шеруге шықты.

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында шеруге шыққандардың қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс екенін ескертті.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. 

Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», - деп жазды Президент.

Жаңаөзен Президент Үкімет тапсырма газ бағасы шеру

Хабарламаларға жазылу