Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жол уақытша жырылды
Атырау облысы Махамбет ауданында тасқынның алдын-алу мақсатында жол жырылды. Қатынас уақытша тоқтады. Аймақта су деңгейі тәулік сайын көтеріліп, қауіп сейілмей тұр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші
Жайықтағы су деңгейі әлі тұрақталмай тұр. Теңіз деңгейінен едәуір төмен орналасқан Махамбет ауданы тасқынға қарсы қамданып жатыр. Су деңгейін түсіру мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жол уақытша жырылды. Ол жерге ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасы салынған. Қазір ауданда Жайықтың деңгейі 9 метрден асып кетті. Ал Индерде су 10 метрден көтерілген. Онда бөгеттерді қосымша нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бұған Қызылордадан келген Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері де атсалысуда. Атырау қаласында да жағдай тұрақсыз. Су қауіпті деңгейге жақындады. Сондықтан бөгет бойындағы кезекшілер су деңгейін тәулік бойы бақылап отыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05