Францияда ереуілге байланысты энергия өндірісі қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда ереуілге байланысты энергия өндірісі қысқарды

27.01.2023

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер энергетика секторына кері әсер етіп отыр. Күні кеше елде 48 сағаттық ереуіл басталғаннан кейін су электр станцияларында қуат өндірісі азайды. Мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізу де қиындаған. Шеруге шыққандардың басым бөлігі – осы саладағы кәсіподақ мүшелері.

Франция Үкіметі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтеруді жоспарлаған. Ал бұған қатысты наразылық акциясы қаңтардың 19-да ұлттық деңгейде өткен. Оған бір миллиондай адам қатысты. Кәсіподақ ұйымдары осындай шеруді алдағы сейсенбіде тағы да өткізбек. Салдарынан энергия өндірісі тіпті қысқарып, инфляция күшеюі ықтимал.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу